RU
Шымкентте жантүршігерлік жол апатында көлік екіге бөлініп кеткен (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте жантүршігерлік жол апатында көлік екіге бөлініп кеткен (фото)

Рассказать Вконтакте

14 наурыз күні Шымкентте Арғынбеков пен Байтереков көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болып, жеті адам зардап шекті. Көліктердің қатты соқтығысқаны соншалық, олардың бірі екіге бөлініп кеткен деп хабарлайды Отырар телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

Соқтығысқан екі көліктің ішінде барлығы жеті адам болыпты. Олардың барлығы ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр.

Жол-көлік апатында екіге бөлініп кеткен Opel автокөлігінің ішінде жүкті әйел екі жасар баласымен отырыпты.

Дәрігерлер 27 жастағы жүкті әйелді өмірін аман алып қалу үшін жансақтау бөліміне жатқызған. Оның ішіндегі баласы 26-27 аптада болған.

Зардап шеккен жеті адамның ішінде екі әйел мен бір жігіт ауыр халде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
5
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel