Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде жол ақысын төлегісі келмеген жігіттер таксисті өлтіріп кетті

Опубликовано:

Өскеменнің екі тұрғыны жолақысын төлемес үшін көлік жүргузішісін өлтіріп тастаған. Енді осы қылмыстары үшін ұзақ уақыт бойы жазаларын өтейтін болады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Екі жігіт ауылда тұратын сүйіктісіне жету үшін көлік жалдайды. Ал жолда арам пиғыл пайда болып, "жүргізушіні өлтірейік" деп келіседі де, өзара әрекеттерін ақылдасып алады.

Көлік тоқтай салысымен біреуі бинтпен буындырса, екіншісі даладан арматура тауып, сонымен сабай бастайды. Жәбірленуші көп шыдамай-ақ қайтыс болған.

Осыдан кейін қылмыскерлер жүргізушінің қалтасындағы бар ақшасын сыпырып алып, оның көлігімен Риддерге барады. Ал марқұмның денесін жолда лақтырып кеткен.

Риддерде айыпталушылар жол апатына түсіп, полицейлер тексеру барысында көліктің ішіндегі қаннан сезіктенеді.

Сот екі азаматты адам өліміне және ұрлыққа қатысты кінәлі деп тауып, бірін 18 жылға, екіншісін 19 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1721715-skemende-zol-akysyn-tlegisi-kelmegen-zigitter-taksisti-ltirip-ketti/

pixel