RU
Ақмола облысында жоғары шенді парақор полицейлер қамауға алынды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында жоғары шенді парақор полицейлер қамауға алынды (видео)

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, Ақмола облысындағы жоғары шенді полицейлерді құрықтады. Олар "Қазақалтын" ТКМК АҚ шахтасынан құрамында алтыны бар кендерді заңсыз шығаруға көмектескен.

Видеодағы кадрлар

Видеодағы кадрлар

"Қылмыстық топ құрамында Степногорск қаласының ІІБ бастығының орынбасары Дүйсембаев Т.Д., Ақсу ауылындағы полиция бастығы Бибатыров С.Н., Бестөбе ауылындағы полиция бастығы Айнагелдинов Д.К., Степногорсктегі ІІБ-ның жедел уәкілдері Жекібаев А. мен Құлұшев А., сондай-ақ дәстүрлі емес діни ағымдарды қолдаушылар бар", - деп хабарлайды мемлекеттік істер агенттігінің баспасөз бөлімі.

Белгілі болғандай, аталған қызметкерлер сенімді адамдары арқылы жүйелі түрде бірнеше рет "алтын іздеушілерден" пара алып, шахтаға рұқсатсыз жіберіп отырған.

Тексеру нәтижесінде олардан 23 миллион теңге көлеміндегі ақша мен отты қару, жарылғыш зат, шашыраңқы түрдегі және ұсақталған алтын табылған.

14 наурыз күні күдіктілер құрықталып, Көкшетаудағы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір