RU
Қателік кетті: Түймебаев "зорланды" делінген бала ісіне қатысты шенділерді жұмыстан қуды
Жаңалықтар Қоғам

Қателік кетті: Түймебаев "зорланды" делінген бала ісіне қатысты шенділерді жұмыстан қуды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев "зорланды" делінген жеті жасар баланың ісіне қатысты жоғары шенді шенеуніктерді жұмыстан қуды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Түймебаев шенеуніктерді қызметінен қуды

Түймебаев шенеуніктерді қызметінен қуды

"Сарыағаш аудандық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бердалы Оразгелдиев қызметінен босатылды. Абай ауылдық бөлімі Жергілікті полиция қызметінің басшысы жұмыстан қуылды. ІІД басшысының бұйрығымен мектеп инспекторы Нариман Жұмабаев қызметінен босатылды.
Облыс әкімінің идеология саласы жөніндегі орынбасары Ұласбек Сәдібековке қатаң ескерту жасалды. Сарыағаш әкіміне - қатаң сөгіс. Облыстық білім бөлімінің басшысы Исатай Сағындықовқа сөгіс жарияланды", - деп мәлімдеді әкім.

Сондай-ақ, №73 және №74 мектеп директорларының уақытша қызметтерінен босатылғаны айтылады.

ОҚО әкімі барлық тексеріс жұмыстары аяқталған соң нәтижесін көрсететіндерін айтты.

"Бұл процесте біраз қателік кетті. Қазір біз жұмыс тобын құрдық. БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерін осы іске араласуға шақырамыз", - деді Жансейіт Түймебаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
2
5
6
47
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel