RU
Ақтөбеде тағы бір "Күзет" қызметкері өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде тағы бір "Күзет" қызметкері өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қызметтік көліктен "Күзет" инспекторының мәйіті табылды. Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, марқұмның жасы 46-да, ол ішіне оқ тиіп қаза болған деп хабарлайды Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото total.kz сайтынан алынды

Иллюстрациялық фото total.kz сайтынан алынды

"Жедел жәрдем қызметіне шақырту 13 наурыз күні таңғы сағат 6:49 шамасында түсті. Дәрігерлер оқиға орнына жеткен кезде ақ түсті, мемлекеттік нөмірі 671 деген, "Лада" көлігіндегі азамат марқұм болып кеткен", - деп хабарлайды жедел жәрдем.

Оқиға Ақтөбенің Ливенцов көшесіндегі №4 үйдің жанында болған.

Полицияның дерегінше, марқұм Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіне қарасты арнайы күзет қызметі басқармасының емес, "Күзет" жеке фирмасының қызметкері. ІІД мұның бөлек мекеме екенін айтады.

Биыл 8 қаңтарда Ақтөбенің Ахтанов көшесіндегі қалалық әкімдік ғимаратынан "оқ тиіп, мерт болған" азаматттың мәйіті табылған.

Ертесі - 9 қаңтар күні Ақтөбе облыстық арнайы күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары Руслан Маханов "35 жастағы "Күзет" қызметкері Байбек Қарымсақовтың өзіне қол салғанын" мәлімдеген. Бұл іске қатысты тергеу аяқталған жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel