RU
Мөлдір Әуелбекованың жаңа әні көшірме болып шыққаны рас па? (видео)
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Мөлдір Әуелбекованың жаңа әні көшірме болып шыққаны рас па? (видео)

Рассказать Вконтакте

Мөлдір Әуелбекованың басы даудан арылар емес. Әншінің жақында ғана жарыққа шығарған «Арман алдамайды» әні көшірме болып шықты деп хабарлайды «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекованың жаңа әні көшірме болып шыққаны рас па. Фото: NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекованың жаңа әні көшірме болып шыққаны рас па. Фото: NUR.KZ.

Бұрынғы продюсерімен сөзге келген әнші, бәрін ысырып қойып өз жобасын құрып, әндерін мықтап қолға алған болатын. Ол Төреғали Төреәлімен екі бірдей бенебаян түсірді. Жаңа ән жаздырды. Алайда осы әні Әуелбекованы тағы да сынға іліктірді.

«Арман алдамайды» әні орыстың танымал композиторы Александр Серовтың «А может ночь не торопить» әніне ұқсас болып шыққан.

Осы орайда NUR.KZ порталының тілшісі Әуелбекованың жаңа әнін жазған композитор, Ізбасар Кеңесовке хабарласты. Алайда ол көпшіліктің пікірімен келіспейтінін айтты.

«Мен әнді арнайы тыңдадым. Меніңше, екі ән бір-біріне сәйкес келмейді. «Көшірме» деп жатыр ғой. Бірақ, мен бұл пікірмен мүлде келіспеймін», - деді Кеңесов.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
9
2
1
2
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір