Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық кәсіпкердің сегіз сотық жерін кімге тегін бергені белгілі болды (фото)

Опубликовано:

Осыдан бірнеше күн бұрын Абзал Молдабек Алматы сыртындағы өзіне тиесілі сегіз сотық жерді «бір қазаққа тегін беремін» деген болатын. Жомарт жанның көңілі көпбалалы отбасыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Жерімді тегін берем: Алматылық азамат өз жерін көпбалалы отбасыға сыйға тартты. Фото: Facebook
Жерімді тегін берем: Алматылық азамат өз жерін көпбалалы отбасыға сыйға тартты. Фото: Facebook: UGC

Аталмыш азамат жерді Ержан деген қазақ жігітіне сыйға тартқан. Бұл жайында Абзалдың өзі Facebook парақшасында хабарлады.

«Сегіз сотық жерімді Ержан деген ағаға табыстадым. Бұл кісіні таңдаған себебім көп. Айгүл жеңгемізбен отасқан соң, жеңгеміздің анасы қайтыс болған. Сосын əкелері қайтыс болған. Отбасында он қыз қалған. Ержан аға сол он қызға осы уақытқа дейін əке орнына əке болып, оқуға түсіріп, тəрбиелеп, бес қызды ұзатқан. Қазір он қызды оқытып отыр. Өзінің төрт баласы бар.
Бүгін жұмыс күні болғандықтан, жеңгемізбен оқудағы қыздары, балаларының біразы келе алмады. Бұл кісіге қатты риза болдым. Қазір бір əйелін баға алмайтындар бар. Ал бұл кісі он баланы қамқорлығына алып, өзінің балаларындай қарап жүр. Пәтер жалдап тұру адамды қажытады ғой. Ақша жиналмайды. Қай жерде болмасын бұндай отбасыға пәтер жалдау оңай емес екенін білесіздер ғой», - деп жазды Абзал Молдабек.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Алматы сыртындағы сегіз сотық жеріне үй салатын азамат табылса деген ниетін Абзал Молдабек әлеуметтік желі арқылы хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта жерге ие болған Ержан Бақытжанұлы есімді азаматқа үй салып беру үшін, қаражат жиналып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721753-almatylyk-ksipkerdi-segiz-sotyk-zerin-kimge-tegin-bergeni-belgili-boldy-foto/

pixel