RU
Назарбаев Шавкат Мирзиеевке: Сізді сағынып қалыппыз
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Шавкат Мирзиеевке: Сізді сағынып қалыппыз

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордаға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев

Елбасы Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды.

"Қазақстанға қош келдіңіз. Сізді сағындық. Кездеспегенімізге біраз уақыт болды. Көп шаруалар жасалып жатыр. Барлығын түзеп жатырсыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті қос елдің арасындағы түрлі саладағы байланысты одан әрі нығайту қажеттігін айта келе, екі елдің арасындағы болған мәселелер шешіліп жатқанын жеткізді.

"Біз осыған дейін бірнеше рет кездестік. Арамызда айтылған мәселелер шешіліп жатыр. Осы жылы ауқымды жұмыстарды жүргіздік. Көршілермен жақсы қарым-қатынас орнаттық. Ондаған жылдар бойы шекара, сауда-саттық, хабар алмасу сынды шешілмеген мәселерді шештік. Тіпті көңіл күйіміз де өзгерді", - деді елбасы.

Айта кетейік, Өзбекстан президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін Орталық Азия елдері басшыларының кездесуіне қатысады.

Сонымен қатар, аталған кездесуге Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түрікменстанның Меджлис төрағасы Акджа Нұрбердыев қатысады деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз
17
1
2
1
1
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel