RU
Айсәуле Бақытбек Шымкентте зорланды деген балаға қатысты жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айсәуле Бақытбек Шымкентте зорланды деген балаға қатысты жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Баян Мақсатқызының тұңғышы Шымкентте зорланған жеті жасар баланың жағдайына алаңдаушылық білдірді. Ол биліктегі азаматтардан бұл іске бей-жай қарамауды сұрап, жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек Шымкентте зорланған жеті жасар балаға қатысты жанайқайын жеткізді. Фото: Sputnik Казахстан

Айсәуле Бақытбек Шымкентте зорланған жеті жасар балаға қатысты жанайқайын жеткізді. Фото: Sputnik Казахстан
Source: UGC

Айсәуле Бақытбек осы іске қатысы бар деген ауылдың барлық адамдарын, мұғалімдерді, полияция қызметкерлерін жазалау керек екендігін айтты. Бұл жайында ол Instagram парақщасында жариялады.

«Жұмабаев мырза! Баланы қорғай алмасаңыз, қолдай алмасаңыз неге полиция қызметінде отырсыз? Баланың зорланғаны жайлы арыз түскенде қалайша бей-жай отырдыңыз? Алынған нәтижеге қарамастан баланың зорланғаны, таяқ жегені анық. Бірақ, шындығын айтқан балаға ешкім көмек көрсетпеген. Тіпті мектеп директоры да, учаскелік полицей де оның жанайқайын көзіне ілмеген. Арыз айтқан әжеге жала жауып, істі өздерінше жаппақ болған! Онда біздің елде полицейдің не керегі бар?» - деп ашынды жас ару.

«Ол оқиғадан бері бір жылдан аса уақыт өткен. Ал кінәлі адамдар әлі бостандықта жүр. Егер желіге тарап, БАҚ арқылы жария болмағанда ешкім назар аудармайтын еді, бұл оқиғаға. Мектеп директорын да, полиция басшысын да, іске назар аудармаған барша қызметкерлерді де қызметтерінен қуу керек. Зорлағаны үшін қорғамаса да, соққыға жығылғаны үшін бір шара қолдануға болатын еді ғой?!Қазір күдіктілердің ата-анасынан емес, өздерінен жауап алынды ма? Барлық жапа шеккен және жапа шегуші балалармен психологтар жұмыс жасады ма? Мен мұндай елде емес, балалар құқығы қорғалатын елде балалы болғым келеді», - деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Сіздің реакцияңыз
2
2
2
0
3
32
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel