RU
Назарбаев Путинге сайлауда сәттілік тіледі
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Путинге сайлауда сәттілік тіледі

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Орта Азия елдерінің басшыларымен кездесу барысында, Ресейде 18-наурыз күні өтетін президент сайлауына қатысты да пікірін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы, өз кезегінде, Астанаға келген Орта Азия мемлекеттері басшыларының елдер арасындағы ынтымақты нығайтудағы ерен еңбектерін атап өтіп, оларға зор алғысын білдірді.

Сондай-ақ, елбасы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің де аталған саладағы роліне тоқталып өтті.

"Әрине, біз Орта Азия мемлекеттері бәрінен бөлекпіз деп, осылай оқшауланудан аулақпыз. Мәселен, біздің Ресей мен Қытай сияқты алып көршілеріміз бар. Біз олармен де тығыз қарым-қатынасымызды одан ары жалғастыра бермекпіз. Сонымен қатар, Ресейде өтетін президент сайлауының жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз және осы саяси науқанда Владимир Путинге сәттілік тілейміз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, 18-наурызда Ресей Федерациясында президент сайлауы өтеді деп күтіліп отыр.

Сіздің реакцияңыз
7
2
1
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel