RU
Қарағандыда "Үкілі домбыра" байқау аясында домбырашылар флеш-мобы өтті
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда "Үкілі домбыра" байқау аясында домбырашылар флеш-мобы өтті

Рассказать Вконтакте

2018 жылғы 15 наурызында баланың көркем-эстетикалық білімін дамытуға, жаңа тәсілдерін анықтауға, тұлғалық дамуына және тәрбиелеуге бағытталған, қосымша білім беру ұйымдар қалалық білім бөлімінің қолдауымен «Таир» және «Алтын-Арба» (Оңтүстік-шығыс) Сауда үйлерінде «Қарағанды қаласының қосымша білім беру ұйымдарының талантты балалары» атты Флеш-моб өткізілді.

«Үкілі домбыра» қалалық байқау аясындағы домбырашылар флеш-мобы

Аталған флешмобқа Қарағанды қаласының қосымша білім ұйымдарының 184 балалары қатысты.

Іс-шара «Үкілі домбыра» атты қалалық байқау аясында өтті. Негізгі мақсаты - балаларды өнер және музыка мектептеріне тарта отырып, ғажайып әлемге баулу, халқымыздың дәстүрлі домбыра аспабын дәріптеу.

Көрермендер алдына сахнаға қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары шықты.

Жас әртістер, өз өнерлерімен күй құдіретімен көрермендерге көп қуаныш сыйлады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel