RU
10 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын қайда өтейді?
Жаңалықтар Қоғам

10 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын қайда өтейді?

Рассказать Вконтакте

Күні кеше ғана сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қай түзеу мекемесінде өтейтіні белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Азамат Базылбековтің сөзінше, Бишімбаев жазасын Астанадағы 166/10 түзеу колониясын да өтейді.

Оның айтуынша, сотталған экс-министрге ешқандай артықшылықтар берілмейді.

"Біз бұған дейінгі сабақ болғандықтан, сотталушыларға қандай да бір артықшылықтардың берілмеуін қатаң түрде бақылайтын боламыз. Рұқсат етілетін норма бойынша - оның өмір сүруіне 3,5 шаршы метрден кем емес орын, маусымдық киім, үш уақыт тамақ, медициналық көмек беріледі. Мекеме барақ типтес. Ол 50-60 орынға арналған", - дейді ол.

Еске сала кетейік, 14 наурыз күні Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
11
1
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір