RU
Бекболат Тілеухан: Сарыағаштағы сұмдық - айтуға ауыз бармайтын айуандық
Жаңалықтар Қоғам

Бекболат Тілеухан: Сарыағаштағы сұмдық - айтуға ауыз бармайтын айуандық

Рассказать Вконтакте

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан ОҚО-дағы 7 жастағы "зорланды делінген" баланың оқиғасына қатысты пікір білдіріп, бұл жөнінде "тіс жармай отырған құзырлы органдарды сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ru.sputniknews.kz

Фото: ru.sputniknews.kz
Source: UGC

Депутат бұл пікірін Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жазған. Халық қалаулысының сөзінше, "Сарыағаштағы сұмдық – айтуға ауыз бармайтын айуандық" деп, педофилдерге қатысты заңды күшейту қажеттігін атап өткен.

«Жантүршігерлік оқиға. Қазақтың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің Сарыағашында, оның ішінде ұлы дана Абайдың атын иемденген ауылда. Әңгімеге арқау Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектепте оқитын ана сүті аузынан кеппеген 7 жасар баланың жағдайы. Қоғамның айыптап жатқаны – Жүсіп Баласағұн атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары жасады деген құлақ естіп, көз көрмеген сұмдық. Біз елді-мекен, мектептерімізге аяулы тұлғаларымыздың есімін беріппіз, өнегесін ескермеппіз.
Жеті жасар баланың өміріндегі трагедияға жаны түршікпейтін қоғамның өзінен де түршігуге болады. Бірақ бұл жағдайда азаматтық қоғамның айнасы делінетін әлеуметтік желі дұрыс реакция беріп жатыр. Осы баланың құқын қорғауға талпынып жатқан, әкімшілік я полицияның тарапынан болуы мүмкін көзжұмбайлыққа алаңдап жатқан ағайынның әр постын оқып отырмыз. Тоқып жатырмыз. Қоғам талабы қашан да ескерілген. Көптеген өзгерістерге қозғау болған. Қалай дегенмен, кінәлары дәлелденсе, кім болса да, әділ және мүмкіндігінше қатал жазасын алуы тиіс! Осыған аяушылық жасап, жымын білдірмей жаба салайық деген пиғылдағы адамның бәрі – сыбайлас, соны білсін! Педофилияға қатысты заңнамадағы жазаның бәрін күшейту керек!", - деп мәжілісмен өз ойын ортаға салған.

Сондай-ақ, депутат "бүкіл әлеуметтік желі шулап жатқанда, министрлік неге үнсіз" деп құзырлы органдарға да шүйліккен.

"Бір өкініштісі, бір таңғалатын нәрсе – білім және ғылым министрлігі, ішкі істер министрлігі неге үндемейді? Бүкіл әлеуметтік желі шулап жатқан кезде, үн-түнсіз қалып отырғаны адам таңғаларлық нәрсе. Мұндай мәселеге бейтарап қарауға болмайды", - деп күйінді қоғам қайраткері.

Бекболат Тілеухан, сонымен бірге, мұндай сұмдық жайттың орын алғанына "ата-анадан бастап, мектеп басшыларына дейін кінәлі екенін" жазған.

"Мұнда Аягөздегі су басуға алаңдап жатырмыз ғой, ол – табиғаттың ісі, айтып келмейтін апат еді. Ал Сарыағаштағы сұмдық – адамның ісі, айтуға ауыз бармайтын айуандық еді. Бұның түп-тамырын қазсақ, әрқайсымызға тіреледі. Жергілікті деңгейде сынып жетекшісі, мектеп инспекторы, мектеп психологы, ата-ана, мектеп басшысын кінәлармыз. Орнынан кетер, орнына басқа адам келер, жарайды. Бірақ, мемлекеттік жастар идеологиясының ию-қиюы шыққанын, қоғамдық ұяттың азайғанын, кинодан сән, әннен мән кеткенін мұндай шешіммен түзей алмайсыз. Түзей алмаймыз", - дейді депутат.

Еске салайық, желіде ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында "жеті жасар бала зорланды" деген ақпарат тарап, қоғамда үлкен резонас тудырған.

Зағипа Балиева бастаған қоғам белсенділері, аталған жайтты назардан тыс қалдырмай, өз бақылауларына алған еді. Бүгін осы іске қатысты бірқатар қызметкерлер жұмыстан босатылған.

Сіздің реакцияңыз
20
5
9
9
6
72
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel