RU
"Саусақтарынан айырылдым деген" қарағандылық әйел жанайқайын жеткізді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Саусақтарынан айырылдым деген" қарағандылық әйел жанайқайын жеткізді (фото)

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда қант диабетіне шалдыққан 63 жастағы әйел жанайқайын жеткізді деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz

Фото: newtimes.kz
Source: UGC

63 жастағы Нина 20 ақпан күні аяғының саусағындағы кішкентай қара дақты байқаған. Бірден ауруханаға жүгінген әйелге, дәрігер бұл жай ғана көгеру деп айтқан. Дәрігер дақты кесіп, оның орнын тазалап берді.

Белгілі болғандай, дақтың не себепті шығуын анықтау барысында, дәрігерлердің тұжырымдары бір жерден шықпаған. Эндокринолог бірден бұл қант диабетінің кесірі десе, хирург жай ғана көгеруге деп айтқан.

Ота жасалғаннан кейін, Нина дәрігер берген барлық нұсқаулықтарды сақтанған. Тіпті бірнеше рет ауруханаға жараны таңу үшін барған.

«Бәрі жақсы болып келе жатқандай еді. Алайда анамның аяғындағы дәке абайсызда шешеліп кеткенде олай еместігіне көзім жетті. Аяқ терісінің түскені былай тұрсын, некроз басталып кеткен», - дейді Снежанна.

Болған жайттан кейін, Снежанна анасын бірден Қарағандыдағы облыстық ауруханаға жеткізді. Алайда дәрігердің айтқаны бойжеткеннің зәресін ұшырды.

Хирург бірден бұл қант диабеті кесірінен болған дақ деп жауап қайтарыпты. Жағдай ұшығып кеткендіктен саусақты кесуге тура келеді деген ол.

"Саусақты кесті енді аяқты кеспекші. Бұл қалай болғаны? Облыстық ауруханадағы маман аяқты аман алып қалуға болатынын айтты. Демек бұл алдынғы хирургтің салғырттығы ғой",- дейді Снежанна.

Енді ол әділеттік орнағанын талап етіп отыр. Анасына диагноз қойғанда қателескен дәрігер өз жазасын алуы тиіс дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
1
1
6
7
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel