RU
Өскемендік жігіт тауып алған куәлікпен үш бірдей адамды сан соқтырған
Жаңалықтар Қоғам

Өскемендік жігіт тауып алған куәлікпен үш бірдей адамды сан соқтырған

Рассказать Вконтакте

Өскемендік жігіт өзінен 15 жас үлкен адамның жеке куәлігімен үш бірдей банк қызметкерін сан соқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: 1news.zp.ua

Көрнекі фото: 1news.zp.ua

Оқиға 1988 жылы туған айыпталушының көшеден 1974 жылғы бейтаныс адамның жеке куәлігін тауып алуынан басталады. Құжаттағы адамның суреті өзіне ұқсайтынын аңғарған жігіт тиісті орындарға өткізудің орнына өзіне алып қалады.

Жігіттің жымысқы ойына ең бірінші Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары алданған. Олар құжаттың жалған иесіне зейнетақы жинақтары туралы анықтаманы еш кедергісіз шығарып беріпті.

Қажет құжаттың бәрі қолына түскен соң ол әуелі "Каспий банктен" кейін, "Еуразия банкінен", сосын "Forte bank-тен" несие алады. Банк қызметкерлерін ғана алдап қоймай, бейтаныс адамды 10 млн теңгеден астам несиеге душар етеді.

Айта кетейік, оқиғаның бәрі 2013 жылы болған. Осы уақыт ішінде күдікті іздеуде болған Арада тура 4 жыл өткенде күдіктінің әпкесі банктерге бауырының жасаған әрекеті туралы мәлімдеп, шығындарын қайтара бастаған.

Ал күдіктінің өзі сот шешімімен 3 жыл, 9 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel