RU
Головкин егер "Канеломен" жекпе-жек өтпейтін болса кіммен кездесетінін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Головкин егер "Канеломен" жекпе-жек өтпейтін болса кіммен кездесетінін айтты

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин The Ring басылымына берген сұқбатында допинг дауына іліккен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жоспарланған кездесуі өтпей қалса, кіммен кездесетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

"Мен әлі де 5-мамырға жоспарланған Альвареспен кездесуіміз өтеді деп сенемін. Өйткені, мен бұл деңгейде тағы да жұдырықтасқым келеді. Қазір бұл бокс әлеміндегі ең үлкен жекпе-жек. Егер комиссия допингке байланысты "Канело" жекпе-жек өткізе алмайды десе, мен Билли Джо Сондерске қарсы кездесу үшін жұмыс істеймін. Барлық белбеуді біріктіру - менің басты арманым", - дейді Головкин.

Еске салайық, Канелоның" допинг-сынамасының оң нәтижесін берген туралы ақпарат 6-наурыз күні шықты.

Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылғаны белгілі болған еді. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
4
0
6
12
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel