RU
Қызылордада жанармай бекетіне соқтығысқан көлік түгі қалмай жанып кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қызылордада жанармай бекетіне соқтығысқан көлік түгі қалмай жанып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында жанармай бекетіне соқтығысқан, көліктің түгі қалмай жанып кеткен. Оқыс оқиға кезінде отқа оранған машинадан шыға алмаған жүргізушісі қайтыс болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Оқиға Қызылорда облысы, Жосалы кентінде таңғы сағат бестер шамасында болған.

"Опел" көлігінің жүргізушісі жақын маңайдағы жанармай бекетіне бармақшы болады. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік тежегішті дер кезінде баса алмай, газ құю стансасының оператор бөлмесіне соқытығысады.

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Соққыдан көлік бірден отқа оранған. Ал бірер минут өтпей жоқын жарылыс болыпты. Өрт сөндірушілер жеткенше көліктің түгі қалмай жанып кеткен. Көліктен шыға алмаған күй бақилық болған жүргізушінің кім екені әлі анықталған жоқ.

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

"2018 жылғы 15 наурыз күні сағат 05.45 минутта "101" өртке қарсы қызметіне Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Мөсербаев көшесі бойында "Арал-Газ" ЖШС қарасты газ құю стансасының оператор бөлмесіне "Opel Vectra" жеңіл автокөлігі соғысып жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабар түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оператор бөлмесі мен автокөлік өртенді. Өрт сөндіру қызметінің күш-құралдар күшімен өрт 40 минут шамасында оқшауланып, 50 минутта толықтай сөндірілді. Оқиға басында 11 қызметкер және 3 бірлік автокөлік жұмыс істеді. Оқиға орнында автокөлік жүргізушісі қаза тапты", -деп хабарлайды Қызылорда облысының ТЖД баспасөз қызметі .
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір