RU
Қазақстандық жолсеріктер толғағы қысқан өзбекстандық әйелді босандырып алды (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қазақстандық жолсеріктер толғағы қысқан өзбекстандық әйелді босандырып алды (фото)

Рассказать Вконтакте

№ 378 "Маңғышлақ-Алматы" пойызының жолсеріктері өзбекстандық Феруза Ахметованы аман-есен босандырып алды. Жас ана ай-күні жетіп отырса да Ақтаудан Ташкентке тезірек жетіп алғысы келген деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ

Пойызда Ферузаның толғақ қысып, жолсеріктер дереу тиісті шараларды жасауға кірісті. Сексеуіл станциясына жеткенде медициналық көмек те келіп жетті.

Жолсеріктер купесінде дүниеге келген сәбиге Дениз есімі қойылды. Қазір Феруза нәрестесімен Аралдағы перинатальдық орталықта, жағдайлары жақсы, енді ертерек елге жеткісі келеді.

"Жолсеріктер көмектеспегенде балам мен өзіме не боларын көз алдыма елестете алмаймын. Оларға алғыс айтып та үлгермедім. Бүгін міне осы сәтті пайдаланып, оларға аналық алғысымды жеткізгім келеді",- дейді Ф Ахметова.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір