RU
Алматы облысында әскерге барған жігіт оққа ұшып, ауруханаға түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында әскерге барған жігіт оққа ұшып, ауруханаға түсті

Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы 7552 әскери бөлімінің сарбазы түн ішінде оққа ұшқан. Атылған бес оқтың үшеуі 21 жастағы Ертуған Омархановтың басына тиген деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы облысында әскерге барған жігіт оққа ұшып, ауруханаға түсті. Фото: Tengrinews

Алматы облысында әскерге барған жігіт оққа ұшып, ауруханаға түсті. Фото: Tengrinews
Source: UGC

Қазір ауруханада ес-түссіз жатқан Ертуған Омарханов әскер қатарына өзі сұранып келген. Шығыс Қазақстан облысының тумасы Заречный кентіндегі бөлімге қараша айында қабылданыпты. Ал, мұндағы сарбаздар кезек-кезекпен жақын жердегі түрмені күзетеді. Екі күн бұрын ол өз бекетін тапсырар кезде оққа ұшқан.

Түнгі сағат 1 шамасында болған оқыс жағдайдың мән-жайы әлі анық емес.

«Ұлым әскерге келіп, үш айдан кейін мына жағдай болып жатыр. Білмеймін не болғанын, түсініксіз. Оқ басына, жақтан кіріп бастан шыққан ғой”, - деген жігіттің ата-анасы әлі де не болғанын түсінер емес.

Оқтың бәрі Ертуғанның қолындағы Калашников автоматынан атылған. Оның үшеуі сарбазға дәл тиген. Сондықтан, дәрігерлер дереу ота жасап, жігітті аман алып қалған. Алайда ол ес-түссіз комада жатыр.

«Жағдайы өте ауыр. Қазір комада жатыр. Біз қажетті ем-домды жасаудамыз. Науқас арнайы аппаратта жатыр”, - деді Қапшағай қалалық ауруханасы директорының орынбасары Қайрат Иманғалиев.

Айта кететіні, әскери бөлімдегі камераға сарбаздың автоматты оқтап жатқаны ғана түсіпті. Ал, атылған тұсы еш жерде жоқ. Сол кезде қасында бірнеше қаруласы болғанымен, олар да мардымды ештеңе айтпапты. Сондықтан, қазір жұмбақ жағдайдың болжамдары ғана айтылуда.

Жақындары болса Ертуғанға әскерде қысым көрсетілген деп ойлайды. Сөйтіп, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген болуы мүмкін. Өйткені, бұған дейін анасына қоңырау шалғанда, қиналып жүргенін жеткізген екен.

Қазір оқыс оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
4
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel