RU
Қарағандылық әйел көшеде құлап, қаза тапты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандылық әйел көшеде құлап, қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Қайғылы оқиға Қарағанды көшелерінің бірінде орын алған. Тайып жығылған әйел сол жерде қаза тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағандылық әйел көшеде құлап, қаза тапты

Қарағандылық әйел көшеде құлап, қаза тапты
Source: UGC

Куәгерлердің айтуынша, қарт әйел құлаған орнынан қайта тұрмаған. Оқиға Гоголь көшесінің бойында болған. Басымен жерге соғылған әйел, қайта тұруға қауқары жетпеген.

«Ол жер өте тайғақ болды. Әйелдің қалай құлағанын байқап та үлгермедік», - дейді тұрғындар.

Жүргіншілер жедел жәрдем шақырған. Көмек оқиға орнына жылдам жеткенімен, үлгермеген. Бір сағаттан соң полиция қызметкерлері келіп, өлімді тіркегенін оқиға куәгерлері баяндап берді.

Айта кетейік, қаза тапқан қарт кісі 1937 жылы өмірге келген екен.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
4
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel