RU
Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы қаза тапты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан 11 жасар оқушыны осыдан біраз уақыт бұрын, қағып өлтірген болатын. Жол көлік оқиғасына себеп болған Амантай Үсенов сот алдында өз кінәсін мойындап, оған жаза тағайындалды деп хабарлайды «Диапазон-ға» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы қаза тапты. Фото: МК

Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы қаза тапты. Фото: МК

Cот қылмыскерге екі жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған. Сондай-ақ оны көлік жүргізу құқынан айырды.

Айта кетейік, 2018 жылдың 31 қаңтарында 48 жастағы Амантай Үсенов ауыр жүк көлігімен Заречый ауылына бара жатады. Жолда 11 жастағы бала жаяу жүргіншілер жолынан жүгіріп өтпек болғанда, жүргізуші тежегішті басып үлгермей қалған.

Ол оқушыны қағып кетеді. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген оқушы бірнеше сағаттан соң қайтыс болған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір