RU
ОҚО-да зорланды делінген 7 жастағы бала Астанаға жеткізілді
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да зорланды делінген 7 жастағы бала Астанаға жеткізілді

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында зорлыққа ұшырады делінген жеті жастағы оқушы бала жақындарымен бірге Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зорланды делінген 7 жастағы бала Астанаға жеткізілді

Зорланды делінген 7 жастағы бала Астанаға жеткізілді

Еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева Шымкентке арнайы барып, келеңсіз оқиғаға душар болған жеткіншекті өзімен бірге елордаға алып келгенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстандағы жағдайдан кейін өңірдегі жауапты шенеуніктердің біразы қызметінен босатылып, кейбірі қатаң сөгіспен құтылды. Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева аталған іске қатысты тілшілерге қысқа ғана жауап беріп, тағдыры тәлкекке ұшыраған баланың елордада тиісті мамандардың назарында екенін айтты.

«Біз бұл мәселеге қатысты бірнеше маманды шақырамыз. Білім министрлігі мен ішкі істер министрлігінің де өкілдері келеді. Олар барлық сұрақтарға толық жауап беруі тиіс. Бүгін мен бір сағат ғана ұйықтадым. Сондықтан демалып алып, ертең арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырамыз», - деді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel