RU
Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың үштігіне енді
Жаңалықтар Қоғам

Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың үштігіне енді

Рассказать Вконтакте

Британдық The Economist - Economist Intelligence Unit (EIU) журналының сараптамалық бөлімшесі әлемде 2018 жылы өмір сүруге жұмсалатын шығын көлемін есептеген. Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың үштігіне енді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың үштігіне енді

Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың үштігіне енді

Атап айтқанда, дүниежүзінің 133 еліндегі 160 тауар түрінің бағалары салыстырылған. Бұлардың ішінде тамақ, сусындар, жанармай, киім, шаруашылық тауарлары, пәтерді жалға алу ақысы, тағысын тағылар бар.

Сонымен әлемнің ең қымбат қалалары бестігіне: Сингапур, Париж, Цюрих, Гонконг және Осло кіріп отыр.

Қымбат еместері арасында - Дамаск (Сирия), Каракас (Венесуэла), Алматы (Қазақстан), Лагос (Нигерия), ал ең соңғы 133 орында - үнділік Бангалор. Сондай-ақ, Ченнай (Үндістан), Карачи (Пәкістан), Нью-Дели (Үндістан), Алжир мен Бухарест (Румыния) - арзан қалалар қатарында.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel