RU
Ресейде есіксіз қалған ұшақтан 3,4 тонна алтын мен бриллиант шашылып қалды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Ресейде есіксіз қалған ұшақтан 3,4 тонна алтын мен бриллиант шашылып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Якутияда жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бейсенбі күні таңертең әуежайда ұшып-қону жолағында 3,4 тонна алтын мен платина және бриллианттар шашылып қалған деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: yakutiamedia.ru

фото: yakutiamedia.ru

Жергілікті ІІМ басқармасы оқиғаны растады. Ресми болжам бойынша, "Нимбус" әуе компаниясының Ан-12 жүк ұшағы ұшар алдында сол жақ есігі жұлынып кеткен.

"Алдын ала ақпарат бойынша, 3,4 тонна болатын 172 құйма табылды. Жүк дұрыс тиелмеген. Алтынның жартысы шашылып қалған, қалған 9 тоннасы орнында", - дейді ІІМ басқармасының өкілі.

Кейбір мәліметке қарағанда ұшақта күміс артылған.

"Менің ақпаратым бойынша, ұшақта күміс құймалар болған. Барлығы 200 құйма болған", - дейді "Интерфакстың" Ресей Тергеу комитетіндегі дереккөзі.

Бортта экипаждың бес мүшесі болған. Ешқайсысы зардап шекпеген. Ұшақ Якутскіден 12 шақырым қашықтықтағы Маган ауылына қонған.

Оқиға куәгерлері әуежай айналасында бағалы құймалар шашылып жатты, аймаққа ешім жіберілмеді дейді.

Sakhaday мәліметі бойынша, ұшақ "Купол" кеніші – Красноярск бағыты бойынша ұшқан. Якутск әуежайына май құю үшін тоқтаған. Ресей Орталық банкінің бағамы бойынша, алтынның бір граммы 2 425,42 рубль тұрады. Ұшақтағы алтын құны шамамен 21,8 млрд рубль болады.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір