RU
Әйгілі Күләш Байсейітованың қызы қиын жағдайда қалды
Жаңалықтар Қоғам

Әйгілі Күләш Байсейітованың қызы қиын жағдайда қалды

Рассказать Вконтакте

Қазақ операсының негізін қалауға сүбелі үлес қосқан, әйгілі әнші Күләш Байсейітованың қызы бүгінде қиын жағдайда. Анасының суретін жанынан тастамайтын асылдың сынығы Қарлығаш апаның жағдайы туралы ақын Ақберен Елгезек жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әйгілі Күләш Байсейітованың қызы қиын жағдайда қалды

Әйгілі Күләш Байсейітованың қызы қиын жағдайда қалды

Ақынның айтуынша, Байсейітованың жалғыз қызына көмек керек. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазған.

"Күләш Бәйсейітованың қызы. Періште кісі екен. Екінші суретте сол жақтан санағанда бірінші бойжеткен. Мамасымен түскен фотосын үнемі қалтасына салып жүреді. Түні бойы осы кісіні ойлап шықтым. Әлеуметтік жағдайы қиын екен. Қалай көмектессек болады, ағайын? Тектінің тұяғы ғой, аз да болса қолғабыс қылайықшы. Фейсбук күш екенін дәлелдейік! P.S.Әншілердің құлағына алтын сырға!", - деп жазды ол.

Мұны естіген жұрт асылдың тұяғына аз болса да, қолынан келетін көмектерін аямайтынын айтты.

Әйгілі Күләш Байсейітованың қызы қиын жағдайда қалды

Әйгілі Күләш Байсейітованың қызы қиын жағдайда қалды

"Апайдың аты Қарлығаш, өте қарапайым кісі. Ақберен, айналайын, дұрыс бастама. Апайдың жолдасы Нұркенже Хасенов деген жазушы ағамыз еді",. - деп жазды Төлеген Айбергеновтің қызы Салтанат.

Айта кету керек, Күләш Байсейітованың үш қызы болған. Бүгінде Қарлығаш Күләштан қалған жалғыз қыз. Қарлығаш Қанабекқызы Байсейі­тованың мамандығы - кітапханашы. Бірқатар баспаларда редактор болып жұмыс істеген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
2
40
2
14
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel