RU
Атыраулық әжей жасы 70-ке келсе де, көлік тізгінінен түспей жүр (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Атыраулық әжей жасы 70-ке келсе де, көлік тізгінінен түспей жүр (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Жасы 70-ті алқымдаған атыраулық Нәсіп Төлегенова өз қатарластарынан ерекшелігі - әлі күнге дейін көлік жүргізіп, мал шаруасымен айналысады, немерелерін мектепке тасымалдайды деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

Қазір Исатай ауданы, Жанбай ауылында әжей алғаш рет көлік үйренуді мотоцикл айдаудан бастаған екен.

"Үйдегі шаруашылыққа пайдаланып жүрген иж мотоцикліміз болды. Алғашында соны үйреніп ауылдан құжатын оқып алдым. Одан кейін қаладан өзімнің атағыма «Лада 2121» көлігін сатып алып, емтихан тапсыру арқылы құжатымның санатын жаңғырттым. Содан бері рөлден түскен емеспін. Келіндерімді аудандық ауруханаға, немерелерімді мектепке апарамын, той-садақаға көлігіммен барамын, бәріне үлгеріп жатырмын", - дейді Нәсіп әжей.
Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

Мотор жинаушы, слесар, орақ қайраушы болып әртүрлі қызметтер атқарған Нәсіп әженің бүгінде бес ұлы, екі қызы, 20 немересі бар.

Сонымен қатар әжей өзінің келіндерінің де көлік жүргізгенге қарсы еместігін, ешкімге күнің түспейтінін айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel