RU
Танымал модель миллионер күйеуінен көрген қорлығын жайып салды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Танымал модель миллионер күйеуінен көрген қорлығын жайып салды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейдің танымал моделі Наталья Серебрий Андрей Малаховтың бағдарламасында қонақта болып, өзінің миллионер күйеуінен көрген қорлығын жайып салды. Вячеслав Репин оны жеті жыл бойы құлдықта ұстапты деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

"Біз танысқанда ол мені өзінің ерекше қамқорлығымен баурап, өте сенімді адам болып көрінді. Балалы болғанды қалайтынын, өзін толықтай отбасына арнағысы келетінін айтушы еді. Бірақ үйлене сала мен ұратынды шығарды. Балалар дүниеге келген соң, қарым-қатынасымыз тіптен нашарлай түсті", - деп ақтарылды модель.

Айтуынша, күйеуі оны достарынан қызғанып, тіпті психикалық ауру адамдай күйге түскен. Оған қоса жұбайын анорексияға шалдықтырып, қабырғаларын сындырыпты. Қазір модельдің салмағы - 39 келі.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

"Мені көкірегім мен ішімнен ұратын. Бір күні өлермен халде ауруханаға түстім. Сонда жатып, күйеуімнің қорлығынан құтылу үшін осы маған берілген мүмкіндік шығар деп ойладым да, ауруханадан қашып кеттім", - дейді.

Осыдан кейін журналистер Репинмен байланысқа шығып, әйелімен қарым-қатынасы туралы сұраған.

"Біз танысқанға дейін оның миы шайқалған еді. Біздің арамызда қатты ұрыс-керіс болмаған", - деп жауап беріпті.

Ал Натальяның өзімен скайпқа байланысқа шыққанда, азамат оған қол көтергенін жасырмапты.

"Мұның барлығы менің қатты жүйкем тозып, шаршап жүргенімнің кесірінен болды. Мен сені ұрғаным үшін 100 пайыз кінәмді мойындаймын. Біздің қарым-қатынасымыз соншалықты жаман болмаған еді. Енді бәрі жақсы болады деп сенемін. Менің жанымда сен ешнәрсеге алаңдамай өмір сүретін боласың", - деген Вьячеслав Натальядан кешірім сұрап, оны өзіне қайта оралуға көндірмек болған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
16
7
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір