RU
Байзақоваға қарсы шыққандардың ОҚО-дағы балақайға келгенде үнсіз қалуы жұрттың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Байзақоваға қарсы шыққандардың ОҚО-дағы балақайға келгенде үнсіз қалуы жұрттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын атышулы Айжан Байзақованың түнгі клубта жасаған әрекетіне қарсы шыққан бір топ азамат қазір қайда? Көпшілік шу шығарған азаматтардың Шымкенттегі зорланды деген балаға қатысты істе үнсіз қалғанын сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Stan.kz

Фото: Stan.kz
Source: UGC

Бұл жайында Аида Жексен және Перизат Мырзахмет есімді қоғам белсенділері өздерінің әлеуметтік парақшаларында жазды. Олар ер азаматтардың әйелге ғана күші жететінін, ал қауқарсыз балаға келгенде ақшаның арқасында бәрі жабылатынын ашына айтты.

Фото: Facebook

Фото: Facebook
Source: UGC

«Олар шахтерлерге, зорланған балаға келгенде, әйелдерді ұрып-соққанда үнсіз ғана тасада қалады. Бірақ, оларды түнгі клубтағы жартылай жалаңаш қыздар ашуландырады. Себебі, әйелдермен күрескен оңай», - деп жазды Аида Жексен.

Ал Перизат Мырзахмет бейкүнә балақайдан көмек көрсете алмағаны үшін кешірім сұрады.

«Кешір бізді, балапан! Сен бірінші емессің, соңғы да емессің, өкінішке қарай. Сен кінәлі емессің - ең бастысы. Сен сайқал, екіжүзді, сатқын, жемқор, ашкөз қоғамның құрбанысың. Сен періште едің, біз аппақ қанатыңды қанға боядық. Көз жасың көкірегіңде шемен болып қатты. Кешір.

Ең жақының әжең де сатты. Түсінем, қарт адам. Қажыған болар. Кәрі қойдың жасындай қалған ғұмырым тыныштықта өтсе деп алаңдаған болар. Оны да кешір.

Түбінде бір әділдіктің барына сенем. Бірақ, ол бұл елде емес. Мүмкін жерде де емес. Бұл зобалаң сенен басталған жоқ. Кеше пайда болған жоқ. Ол баяғыдан бар. Тариxты оқысаң қорғансыздың күні - қапас. Қазақ бір қадам да ілгерілеген жоқ. Не руxани, не материалдық, не ғылым-білімде жарты елі алға баса алмады. Бос мақтанның арқасында айды аспанға шығарсақ та, көкірегімізге құм құйылып, бітеліп қалған. Бар болғаны осы қатігездікке тым ерте жолыққаның үшін кешірім сұраймын», - деді.

Фото: Instagram

Фото: Instagram
Source: UGC

Ал оқырмандар балақайға қатысты іс оң шешімін тапса деген тілектерін білдірді. Олар кінәлілер заң бойынша өз жазасын алатынына сенімді.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Шымкентке қатысты Сарыағаш ауданының Абай ауылында жеті жасар баланың өзінен үлкен мектеп оқушыларына зорланғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Қазір істің мән-жайы анықталу үстінде.

Сіздің реакцияңыз
3
1
7
1
0
28
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel