RU
Аргентиналық чемпион өзінен "қашып жүрген" Қанат Исламға өкпесін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Аргентиналық чемпион өзінен "қашып жүрген" Қанат Исламға өкпесін айтты

Рассказать Вконтакте

Аргентиналық Periodismo UNLP басылымының журналисі Виктор Оливера қазақстандық боксшы Қанат Исламның чемпиондық жекпе-жектен қашып жүргеніне наразы деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қанат Ислам

Қанат Ислам

"Қанат Ислам Брайан Кастаньомен (аргентиналық боксшы, бірінші орта салмақта WBA чемпионы) жұдырықтаспауды жөн көріпті. Қандай өкінішті. Қазақтың есімі танымал болмаса да, бұл бокс үшін бәсекелеске толы жекпе-жек болар еді. Ол бұл жекпе-жектен қашып жүргені сөзсіз", - деп жазды Оливера твиттерде.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы рет былтыр қыркүйекте Астанада жекпе-жек өткізген болатын. Сол кезде канадалық Брэндон Кукты тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен ұтқан еді.

Бұған дейін америкалық боксшы Джон Вераның командасы Қанат Исламды жекпе-жектен қашты деп айыптаған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
2
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel