RU
Ғалымдар темекінің адамға тигізер тағы бір кеселін анықтады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар темекінің адамға тигізер тағы бір кеселін анықтады

Рассказать Вконтакте

Шылым шегу өкпеде қатерлі ісіктің дамуына және жүрек ауруларына ғана емес, сондай-ақ есту қабілетінің нашарлауына әсер етеді. Бұл туралы Nicotine және Tobacco Research журналында жарияланған мақалада айтылған, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik Грузия

Көрнекі фото: Sputnik Грузия

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша бүгінде жер бетінде шамамен 1,1 миллиард адам шылым шегеді. Британиялық дәрігерлердің соңғы зерттеулеріне сүйенсек, темекі шегушілердің шамамен 60%-ы ерте қайтыс болған.

"Біз есту қабілетінің нашарлауын одан әрі болдырмау үшін темекі шегу індетіне қарсы тұруымыз керек", - деді Токиодағы Әлемдік денсаулық сақтау және медицина ұлттық орталығының қызметкері Ху Хуаньхуань.

Хуаньхуань мен оның әріптестері шылым шегудің тағы бір теріс салдарын Жапониядағы 50 мыңға жуық адамның денсаулығын бақылаған J-ECOH мониторингінің деректері бойынша анықтады.

Жобаға 2008 жылдан 2016 жылға дейін елдің 12 ірі корпорациясының қызметкерлері тартылған. Зерттеу авторлары өнеркәсіптік зауыттарда және басқа да қауіпті объектілерде жұмыс істеу адамдардың денсаулығына, оның ішінде есту қабілетіне қалай әсер ететінін түсінуге тырысты.

Нәтижесінде, шылым шегуге деген тәуелділігі барларды темекі шекпейтіндермен салыстырғанда, олардың, орташа есеппен, 1,6 есе есту қабілеттерін нашарлатып немесе толықтай жоғалтқандары анықталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel