RU
Америкалық олигарх Әблязов пен Храпунов ісі бойынша $40 млн қайтарып берді
Жаңалықтар Экономика және бизнес

Америкалық олигарх Әблязов пен Храпунов ісі бойынша $40 млн қайтарып берді

Рассказать Вконтакте

Америкалық кәсіпкер Джозеф Четрит БТА Банкімен әлемдік келісімге келіп, бұрынырақ ұрланған 40 миллион долларды қайтарып берді деп хабарлайды банктің баспасөз бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Джозеф Четрит. Коллаж NUR.KZ (фото therealdeal.com, densegodnya.ru және Ru.slovoidilo.ua)

Джозеф Четрит. Коллаж NUR.KZ (фото therealdeal.com, densegodnya.ru және Ru.slovoidilo.ua)

Осыған дейін БТА банкі Алматы қалалық әкімдігімен бірлесе отырып, Мұхтар Әблязовтың, Ілияс пен Виктор Храпуновтың ісіне және Triadou SPV S.A фирмасына қатысты Нью-Йорк сотына арызданған болатын. Үндеудің бір тармағында 40 миллион долларды жымқыруға Джозеф Четриттің де қатысы бар екені айтылған.

Четрит банкке құны $13,165 миллон тұратын екі ғимаратты беріп, $1,6 миллионды қолма-қол түрде, сондай-ақ $23,5 миллионды тағы тапсырды. Сот процесі аяқталғанға дейін аталған қаражат депозиттік шотта сақталады.

"БТА Банкінің халықаралдық дәрежедегі активтерді қайтару бойынша қызметі ұрланған активтерді АҚШ-тағы сот органдарында дәлелді база арқылы қайтару немесе анықтау мүмкіндігінің құқықтық үлгісін көрсетті", - дейді банк өкілдері.

БТА жылжымайтын мүліктерді жекешелендіруді бастап кеткендіктерін хабарлап отыр. Құжаттарға қатысты барлық рәсімдеулер аяқталған соң, сатып алушылар іздестіріле бастайды екен.

Сонымен қатар сот жауапқа тартылушының сөзін нақты емес деп танып отыр. Ілияс Храпунов банктің БАҚ өкілдерінің қолына құпия мәлемдемелердің түсуіне жол берген және сот шешіміне қарсы шығып, заңды бұзды.

Одан бөлек, сот Храпуновтың видеода айтқан сөздерінің шындыққа жанспайтынын айтты, себебі айыпталушы өзін өте «жоғары әрі бейәдеп» ұстаған.

Сонымен, баспасөз өкілінің мәлімдеуінше соттың соңғы шешіміне сүйенсек, Қазақстанның өзіне тиесілі активтерді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
1
1
7
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel