RU
Сүйіктісінің денесін шабаданға салып, сүйреп жүрген жігіт жұртты шошытты (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Сүйіктісінің денесін шабаданға салып, сүйреп жүрген жігіт жұртты шошытты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қытайда сүйіктісін өлтіріп, денесін шабаданға салып алып, сүйреп жүрген жігіт жұртты шошытты. Ғашықтар Тайбэйдегі қонақ үйде романтикалық кеш өткізбекші болған, алайда жігіт сол күні қызды о дүниеге аттандырған life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: regionsamara.ru

Көрнекі фото: regionsamara.ru

Видеодағы кадрда сүйіктісін өлі күйінде шабаданына салып алған 19 жастағы жігіт түскен. Бойжектен Пун Хуй-Уинг бірнеше ай бұрын желіде: "Мен оның алғашқысы әрі соңғысымын", - деп жазған. Зерттеулердің нәтижесі бойынша жігіт сүйіктісін қонақ үйде өзі өлтірген, содан соң денесін шабаданына салып алған.

Бақылау камерасындағы таспада олар Тайбэе қонақ үйіне 17 ақпан күні келгені көрсетілген. Келесі күні таңертең бөлмеден Чан жалғыз өзі үлкен қызғылт шабаданмен шыққан. Пунның туысқандары қыздың жоғалып кеткенін бесінші наурыз күні анықтаған, қыздың денесі сегіз күннен кейін табылды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Чан қызды қонақ үйде жастықпен тұншықтырып өлтірген. Алдымен жігітті сүйіктісінің банк карточкасын пайдаланғаны үшін ұсталды. Осыдан кейін ғана Чан болған оқиғаны өз аузымен баяндап, қыздың денесін табуға көмектесті.

Сіздің реакцияңыз
1
4
11
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel