RU
Отандық әншінің қазіргі заман қыздарына арнаған бейнебаяны қызу талқыға түсті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық әншінің қазіргі заман қыздарына арнаған бейнебаяны қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожаның жаңа бейнебаяны қоғамның қызу талқысына түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожаның жаңа бейнебаяны қоғамның қызу талқысына түсті. Фото: Скриншот

Әбдіжаппар Әлқожаның жаңа бейнебаяны қоғамның қызу талқысына түсті. Фото: Скриншот
Source: UGC

Күні кеше Youtube желісінде пайда болған «Алданып қалма» әнін әнші қазіргі заманның қыздарына арнаған.

Алайда көпшілік жаңа туындыны әншінің бұрынғы «Ұрланған ән» деген әніне ұқсатты.

Сондай-ақ, «Не болып кеткенсің? Дұрыс бейнебаян түсірсей», «Осы әншісымақтардың «жаным, күнім», «алданып қалма», «сүйем-күйем» деген әндері жалықтырды», «Әніңіз бен бейнебаяныңыз бір-біріне сай келмейді», «Саған композиторыңды ауыстыру керек»деп теріс пікір білдірді.

Бірақ, әншінің жаңа туындысы көңілінен шыққан тыңдармандар да бар екен. Олар «Дұрыстап тыңдасаңыздар «Өкінесің, қоштасқанда бойдақ кезіңмен» деп құтырған бойдақ қыздарға айтып жатыр», «Бейнебаяныңыз керемет», «Тыңдармандар сөзіне дұрыстап мән беріңіздер», - деп жазды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
3
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel