RU
Мұратхан Тоқмәди он жарым жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Мұратхан Тоқмәди он жарым жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облыстық сотында Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот үкімі шықты. Ол енді он жарым жыл абақтыда жазасын өтейтін болады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото NUR.KZ

Фото NUR.KZ

Судья Азамат Тлеповтың айтуынша, Тоқмәди өз жазасын барынша қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі мекемеде өтейтін болады.

Оған қоса, сот Тоқмәдидің мүлкін тәркілемейтін болды. Кінәләушы тарап пен жәбірленушінің өкілдері осы үкіммен келісіп отыр.

Аталмыш іс бойынша барлығы 132 адам куәлік етіп, оның 80-і сотқа қатысқан.

Еске салсақ, 2017 жылдың 10 қазанында Алматы қаласындағы Алмалы аудандық соты Тоқмәдиді "бопсалаушылық" және "Қару мен жарылғыш заттарды заңсыз ұстау, тасымалдау" баптары бойынша кінәлі деп тапқан болатын.

Оны үш жылға қауіпсіздігі орта деңгейлі қылмыстық атқару инспекциясы мекемесіне жапқан еді.

Мұратхан Тоқмәди Тараз қаласының сотына «БТА Банкінің» бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін келген.

Айыптаушы тарап Мұратхан Тоқмәдиді 12 жылға бас бостандығынан айырып, қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтетуді сұраған болатын. Дегенмен, Тоқмәдидің мүлкі тәркіленбегендіктен, оның жазасы жеңілдеп отыр.

Ал наурыздың сегізі күні кәсіпкер қашуға әрекет жасаған еді. Алайда көп ұзамай-ақ, қашқын облыстық ІІБ-ның қолына түскен. Аз уақыттан соң, ҰҚК Мұратхан Тоқмәдидің қашуға жасаған әрекетінің ақымақтық болғаны туралы айтқан видеосын жариялады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
2
1
4
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір