RU
Мәдина ата-анасының үйіне бармай қойған енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мәдина ата-анасының үйіне бармай қойған енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Мәдина Сәдуақасова алғаш рет енесімен ата-анасының қарым-қатынасы туралы айтты. Айтуынша, у-шуды жақсы көрмейтін, еш жерге қонаққа барғанды ұнатпайтын күйеуінің анасы тіпті құда-құдағилары Алматыға көшіп келгенде де құттықтап бармаған деп хабарлайды The Эфир бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мәдина ата-анасының үйіне бармай қойған енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Мәдина ата-анасының үйіне бармай қойған енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Мәдинаның айтуынша, оның күйеуі өте салмақты әрі көп шуды жақтырмайтын адам. Тіпті Мәдина үшін қонаққа бару, бір жаққа шығудың өзі жыр болатынын айтты.

Сонымен бірге әнші жаңа үлкен үйге көшіп келгенін, алайда қоныстанғанына жарты жыл толса да, әлі күнге дейін қоныс тойын жасамағанын айтады.

"Жалпы менің өзімнің отбасымда дастархан жиналмайтын. Қонақтар келеді, кетеді, қайта келеді. Тойды көп жасаймыз. Тамақты дайындай береді, қонақтар келе береді... Сондай ортада өскенмін, бірақ қазір тұрмысқа шыққалы бері өзгере бастадым, әрине жаңа қонысқа көшіп келген соң ұлан асыр той жасағым келеді...
Шынымды айтайын, ұлым бір жасқа келгенде, мен той жасадым. Оның өзін қалай жасадым?! Балам бірге келгелі жатыр, 17 маусымда... 14 маусым болды, ешкім үндемейді . Олжас та, енем де үндемейді. Мамамдар келеміз, деді, келіп өзіміз улап-шулап кетеміз, деді. Сөйтіп бір күннің ішінде барлығын жасап, ұйымдастырып жібердім. Бірақ енді менің ойымша, сәл уақыт керек. Себебі адамның өзгеруі үшін де уақыт керек қой. Маған салса, мен күнде қонақ күтетін едім. Қазақпыз ғой, тойшылмыз, көпшілміз. Бірақ, мүмкін бірте-бірте өзі келер", - деді ол.

Сұқбат барысында тележүргізуші Мәдинаның әкесінің бұдан біршама бұрын берген сұқбатын еске алды. Ешнәрсені ешкімнен жасырмайтын әншінің әкесі Алматыға көшіп келгенін, алайда арада екі-үш жыл өтсе де, құдағиының әлі де құттықтап келмегенін жеткізген. Әнші Ләйлә Сұлтанқызының тосыннан қойылған сұрағына тосылып қалып, енесінің жұмысбасты екенін айтып ақталды.

"Енді әке-шешем үш жарым жылдай болды Алматыға қоныс аударды. Өздері шешім қабылдап ,көшіп келді. Папамыздың айтқаны ғой, неге құдағиым келмей жүр. Мүмкін ол кісі ренжіген шығар, біз бара берейік деп. Ешқандай реніш жоқ. Барлық салт-дәстүрлер болып жатыр. Мысалы, менің енем өте көп жұмыс істейді. Күні-түні телевиденеиеде... Расында әлі келмеді біздің үлкен үйге.
Папам енді жамандап айтқаны емес, аңқылдақ, айтып қалды ғой. Бірақ қарым-қатынас өте жақсы, звондасып тұрады. Мама-папаларым шақырмасақ та, өздері келе береді. Біз жай ғана екі түрлі әлембіз. Енемнің, жолдасымның жақсы қасиеттері өте көп. Мысалы енем үш баласын өзі аяққа тұрғызған. Әкелері кішкентай кезінде қайтыс болып кеткен. Олжас - нағыз ер азамат, нағыз әке, отбасын бірінші орынға қояды, әдепті. Жарым болған соң, сомен өзімнің өмірімді өзгертуге тырысамын. Мен үшін ол қиын...", - деді әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
8
3
17
4
44
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel