Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Иманбаева: Алтынайды досым деп санамаймын

Опубликовано:

Әнші Айгүл Иманбаева «Бақытты әйел» бағдарламасында Алтынай Жорабаевамен қарым-қатынасы жайлы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева: Мен Алтынаймен дос емеспін. Фото: kazmusic.kz
Айгүл Иманбаева: Мен Алтынаймен дос емеспін. Фото: kazmusic.kz: UGC

Әнші өзінің Алтынай Жорабаевамен бұрын сағаттап жатып әңгіме айтатын кездерін еске алды.

«Мен Алтынаймен дос емеспін. Біз Алтынай екеуміз тек тағдырласпыз. Кезінде түнімен әңгіме айтатын уақыттар болатын. Шынымды айтсам, ол уақыттарды сағынамын. Бірақ қазір оны қайтарудың еш себебі жоқ. Мен Алтынайға тек қана тілекшімін. Оған әйел бақытын тілеймін», - деді әнші.

Сондай-ақ әнші бұрын Алтынай Жорабаевамен не үшін араласқанын айтып берді.

«Мен бұрыннан да дос емес екенімізді айтып жүремін. Бұрын аралассақ, ол кезде Сәбиттің жары болды. Балалар үшін араластық. Себебі, олардың қаны бір. Алтынайдың қыздары менің ұлдарымның қарындастары. Ал қазір біз араласпасақ та, олар бір-бірін тауып алады», - деді Айгүл Иманбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721931-ajgl-imanbaeva-altynajdy-dosym-dep-sanamajmyn/

pixel