RU
Ақтөбеде 60-тан асқан күйеуінің езгісіне шыдамаған әйел үйін тастай қашқан
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 60-тан асқан күйеуінің езгісіне шыдамаған әйел үйін тастай қашқан

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде азаматтық некедегі күйеуінен таяқ жеп шаршаған 38 жастағы келіншек балаларын тастап, үйінен қашып кеткен деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Гүлсімнің азаматтық некедегі күйеуімен көңіл жарастырғанына бес жыл болған. Содан бері көргенім тек қорлық деп отыр. Қит етсе жұдырығын ала жүгіретін күйеуі ештеңеден қаймықпайтын көрінеді. Өйткені Гүлсім – жетім, іздеушісі жоқ, әке-шешеден ерте айырылған екен.

"Қолымен ұрады, пышақпен ұрады, балтамен қуып шығады, солай. Осы жақында желтоқсан айында бізді балтамен қуып шықты. Үлкен ұлымды ұрып, мені ұрып, шашымнан тартып, "Сен үйді босат, мен осы бес жыл бойы бағып келе жатырмын, мына өгей балаңмен деп", үйін қызғанады, сабайды. Дұрыс өмір сүргенім жоқ, бес жыл бойы қорлық көріп келе жатырмын", - дейді қорлық көрген Гүлсім Жиенбаева.

Әйелі мен балаларына күн көрсетпейтін 61 жастағы азаматқа полицейлер тек айыппұл салудан басқа шара қолдана алмайтындықтарын айтады. Өйткені, ол психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрған көрінеді.

Жүйкесі сыр берген әкемен балаларды қалдырудан сескенген мамандар екі және бес жастағы екі баласын Гүлсімге алып берді. Қазір келіншекке қаладан уақытша жатын орын мен жұмыс тауып берген. Ал балалары сауықтыру орталығында ем қабылдап жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
15
1
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір