RU
Ауырып қалған Сәкен Майғазиев Америкадағы концертін кейінге шегерді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ауырып қалған Сәкен Майғазиев Америкадағы концертін кейінге шегерді (фото)

Рассказать Вконтакте

Бір күнде үш концерт беріп, жанкүйерлерін таңғалдырған Сәкен Майғазиев ауруханадан бір-ақ шықты. Кенеттен сырқаттанып қалған әнші енді Америкадағы концертін кейінге қалдыруға мәжбүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Кенеттен сырқаттанып қалған Сәкен Америкадағы концертіне бара алмай қалды (фото)

Кенеттен сырқаттанып қалған Сәкен Америкадағы концертіне бара алмай қалды (фото)

Бұл туралы концерттің бас продюсері болған Руслан Ысқақ өзінің Instagram парақшасына жазған.

"Өздеріңіз білетіндей, 7 наурыз күні Сәкен Майғазиев ағамыздың алғашқы концерті жоғарғы деңгейде өтті. Бір күнде қатарынан 3 концерт беру қазақ саxнасында алғаш рет! Көп адамдар бұл жобамызды тың бастама деп таңғалып айтып жатты. Өйткені шынымен де бұл тариxта болмаған оқиға.

Бұл үшін үлкен күш пен жігер жұмсалды. 190-нан астам адам Сәкен аға үшін барын салды. Олардың ішінде (бет әрлеушілер, саxна безендірушілер, режисерлер, әкімгерлер, үйлестірушілер және т.б). Әрине мұндай үлкен шоу концерт жасау оңай емес", - деген ол Сәкеннің концерттің алдында ауырып жүргенін айтты.

"Сәкен ағамыз ауырып жүргеніне қарамастан, тікесінен тік тұрып ән салды. Сол кезде ем-домын аямаған дәрігерлерге көп раxмет айтамыз! Бәрі бір Алланың қалауымен сәтті өтті! Шүкір! Менің продюсерлігіммен ұйымдастырылған алғашқы концерт болған соң, мен де көп толқыдым", - деген ол әншінің Америкадағы кезекті ән кеші кейінге шегірілгенін жеткізді.
"Сәкен ағамыз қазір ауруxанада емделіп жатыр. Не дегенмен ауырып тұрған тамақпен ән салған соң, зақым келген сияқты. Алматыдағы концерттен кейін Америкада концерт беру жоспарда болған.

Сол жақтағы қандастарымыздың шақыртуымен баруымыз керек еді. Денсаулық жағдайына байланысты бұл жоспар кейінге қалып отыр. Халықтан кешірім сұраймыз. Ел баласына Алла шипасын берсін! Бұл бастамасы ғана. Алда шоколад концерттер жалғасын табады!

P.S. "Шоколад концерт" деген Сәкен ағамыздың авторский сөзі", - деп жазды ол.

Еске салсақ, Сәкен Майғазиев 7 наурыз күні қатарынан үш концерт беріп, елді таңғалдырған еді. Концерт билеттері уақытынан бұрын сатылып кетіп, көпшілік билет таппай дал болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
6
6
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel