RU
"Шытырман хикая": ОҚО-дағы оқиғаға қатысы бар жандар туыс болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

"Шытырман хикая": ОҚО-дағы оқиғаға қатысы бар жандар туыс болып шықты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық блогерлер ОҚО-дағы жеті жасар "зорланған" баланың оқиғасын тексере келе аудандағы полиция бастығы, мектеп директоры мен ауруханадағы уролог-дәрігер жергілікті депутатпен туыс болып келетінін анықтаған. Бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын BNews.kz сайты анықтап көрді деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Сарыағаш аудандық маслихатының депутаты Сапарәлі Селтановтың туысқандық байланысы туралы Анастасия Шестаева (Ивкина) есімді блогер зерттеп көрген.

Оның мәліметінше, депутаттың Бауыржан және Ералы есімді екі ұлы бар. Бірі - өңірдегі криминалды полицияны басқарса, екіншісі жергілікті ауруханада уролог дәрігер болып жұмыс істейді. Дәл осы баласы №74 мектептің директоры Бейбіткүл Селтановтың жары болып шықты.

Осыдан кейін блогер логикалық қорытынды шығарып, жәбірленген баланың әжесі Бауыржан Селтанов басқаратын полицияға шағымданғанын түсінген.

Ал Бейбіткүл Селтанова басқаратын мектепте зорлану оқиғасын қауесетке балап отыр.

Ал "зорланған белгілердің жоқтығы" туралы анықтама Ералы Селтанов жұмыс істейтін ауруханадан берілген.

Оған қоса, Шестакова аудандық білім басшысы Бауыржан Майриховтың қоғамға зорлық оқиғасы болмағанын мәлімдегенін де еске салды.

Алайда, бұл қызметте тоғыз жыл бұрын қазіргі депутат Сапарәлі Селтанов отырған көрінеді.

BNews.kz журналистері жоғарыда аталған Селтановтардың барлығы бір-бірімен туыстық қарым-қатынаста екенін анықтады. Осыдан кейін олар Ералы Селтановтан сұхбат алып көрген. Азамат медициналық анықтамаға ешқандай қатысы жоқ екенін кесіп айтты.

"Мен тек ересек адамдарды қараймын. Мен проктолог емес, урологпын. Сондықтан, балшаларды тексермеймін.
Иә, менің әкем - депутат. Бірақ оның зорланған балаға қандай қатысы бар? Ал менің кішкентай баламен қандай байланысымды көріп тұрсыз?

Шынымды айтсам, ол бала мен әжесін өзім көрген емеспін. Олар менің қабылдауымда болған деп жатыр, алайда мен оларды көрген емеспін. Мұның бәрі жала. Ол адамдарға қатысты не айтарымды да білмеймін...

Менің әкем еңбек сіңірген ұстаз, аудандық маслихаттың депутаты. Ал жарым - 74-мектепте директор. Бірақ мен бұл шаруаға араласқан емеспін.
Түнде "уролог Селтанов Ералы сараптама жүргізіп, анықтама беріпті" деген оқып, таңғалдым. Менің мүлдем оған қатысым жоқ", - дейді Селтанов.

Сонымен қатар, дәрігердің айтуынша, онымен ешқандай журналист немесе блогер жеке келіп тілдеспеген. Ал депутаттың екінші баласы – криминалды полиция бастығы Бауыржан Селтановпен байланысқа шығу мүмкін болмады.

Енді бала үшін араша түсіп жатқан барлық БАҚ өкілдері, блогерлерге және қоғам белсенділеріне екінші толыққанды сараптаманың жауабын күтуге тура келеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
25
3
3
5
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel