RU
ОҚО-да ауыл тұрғындары қыздарын хиджаб киюге мәжбүрлеген
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да ауыл тұрғындары қыздарын хиджаб киюге мәжбүрлеген

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да Абай ауылының іргесінде орналасқан Аққорғанда мектепке хиджаб киіп келетін қыз балалар көбейе түсті. Ауыл тұрғындары өзінің діни ұстанымдарына байланысты қыздарын оранып жүруге мәжбүрлеген деп хабарлайды Рейтинг басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Аққорған көшелерінде исламдық ғұрып бойынша киініп жүретін қыздарды көру үйреншікті жағдайға айналып кетті. Дәл осы құбылыс ауыл тұрғындары мен мектеп ұстаздарының дауына әкеп соқтырған.

Білуімізше, мектепке оқушылардың хиджап киіп келуіне білім ордалары қарсы. Оған елбасы да өз қарсылығын 2011 жылғы Түркістандағы зиялы қауыммен өткен кездесуінде білдірген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ қыздарының ешқашан хиджаб кимек түгіл, бет-жүздерін жасырмағанын айтып өтті.

Алайда, ауыл өкілдерінің бұл жөнінде пікірлері мүлдем басқаша. Олардың ойынша, шариғат заңына сәйкес қыз бала жабынып жүруі керек.

«Оны тіпті медицина саласы да құптайды. Неғұрлым ашық-шашық киініп жүрген қыздарға соғұрлым көп ауру жұғады дейді»,- олар.
Фото: rgmedia.kz

Фото: rgmedia.kz

Бұл мәселеге байланысты, ауыл тұрғындары білім басқармасы не себепті киіну еркіндігіне шектеу қойғанын түсінер емес. Олар әкімдер мен министрлердің емес, тікелей хиджаб киюге тыйым салатын президент бұйрығына ғана бағынатындарын айтты. Алайда, тұрғындарға керек бұйрықты мұғалімдер көрсете алмаған.

Мектеп өкілдерінің айтуынша, білім ордасына оранып келетіндер саны көбейе бастаған шақта бірден олармен жұмыс жүргізілген. Соның арқасында бүгінгі күні хиджаб киетіндер саны 29-дан 15-ке дейін түскен.

Ауыл халқының жартысынан көбін өзбектер құрайды. Сәйкесінше, орамал тағушы қыздардың барлығы дерлік өзбек ұлтының қыздары екен.

Бастапқыда олардың ата-аналарына ескертумен қатар түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Алайда мамандардың айтқанын ата-аналар құлақтарына да қыстырмаған көрінеді. Олардың заңға қайшы бұл әрекетіне жауап ретінде білім басқармасы айыппұл салуға мәжбүр болыпты.

Фото: rgmedia.kz

Фото: rgmedia.kz

Белгілі болғандай, мектепке хиджаб киіп келетін қыздардың көбі көршілес Шұқырсай ауылынан қатынап келеді. Ол елдімекенде исламдық әдет-ғұрып кең қанат жайған. Тіпті, дүкендерінде арақ-шарап атаулысын таппайсыз.

Бұрындары мектеп қабырғасында ұлдарға да қатысты оқиғалар орын алды. Мәселен, жұма сайын мектеп ұлдарының жартысы сабақты тастап, жаппай мешітке баратын жағдайлар болған. Осыған ұқсас заңға бағынбаушылық әрекеттерге тиісті шаралар қолданылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
3
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір