Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағдырыңа көнесің: Елді дүрліктірген алып қашу оқиғалары қалай аяқталды?

Опубликовано:

Елімізде заңмен шектеу қойылғанына қарамастан, алып қашу оқиғалары әлі де тыйылмай тұр. Солардың ішінде бар халықты дүрліктіріп, соңы отбасылық шаттықпен емес, қайғылы жағдаймен аяқталған оқиғалар тізімі Instagram парақшасында жарияланды деп жазады NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

2016 жылдың қыркүйек айында 20 жастағы Әлия Ошақбаеваның оқиғасы қоғамды дүр сілкіндірді. Оны Алматы қаласының төрт тұрғыны алып қашпақ болған. Алайда жол үстінде олар жылдамдықты қатты асырып, жүк көлігімен соғысады. Нәтижесінде, қызды алып қашқан төрт жігітті де ажал құшып, Әлия ауыр жарақат алған болатын.

Тағы да бір қайғылы жағдай 2017 жылы 30 шілдеде Алматы қаласында орын алған. Алып қашу соңы алматылық студент Тілеугүл Қуаныштың өлімімен аяқталды. Ол сегізінші қабаттан секіріп өлмес бұрын, ата-анасына хат жазып, өзін Әзиз есімді жігіттің күштен алып кеткені туралы айтқан. Полиция күдіктіні ұстады. Алайда істің соңы немен аяқталғаны әлі күнге дейін белгісіз болып отыр.

2017 жылы қарашада Ақтөбе қаласында да жайсыз жағдай орын алған болатын. Алып қашу құрбаны болған Данара Каипова күйеу жігітінің үйінде төрт айға жуық тұрып, тойға бірнеше күн қалғанда өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл іске байланысты зерттеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда.

Бұдан бөлек, адам айтса сенгісіз жағдайлар да болып тұрады. Мәселен, 2016 жылдың қарашасында Жамбыл облысында белгісіз біреулер жас қызды алып қашады. Жол үстінде бойжеткен жігіттерге өзінің тұрмыс құрғанығын айтса да, азаматтар оған сенбеген. Нәтижесінде, жігіттер қателік жасағандықтарын үйге барғанда түсініп, тұрмыстағы әйелді үйіне дейін жеткізіп салған. Ал ол болса үйіне келе сала, полицияға арыз жазып, үйленбекші болған жігіт 7 жылға бас бостандығынан айрылған.

2017 жылы маусым айында Ақтөбеде сүйіктісіне ашуланған жігіт көшеде бірінші кездескен қызды алып қашуға бел байлаған. Жігіт жолдасымен бірге көшедегі жаяу жүргіншілердің көзінше қызды көлікке қинап отырғызбақшы болған. Жергілікті базардың күзетшісі дер кезінде полиция шақырып қыздың өмірін құтқарып қалды. Сот шешімі бойынша күйеу жігіт 4төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оған көмектескен досы бес жылға сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721965-tagdyrya-knesi-eldi-drliktirgen-alyp-kasu-okigalary-kalaj-aaktaldy/

pixel