Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзі продюсер, өзі актер: Кино әлемінде жүрген отандық жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Жыл санап қазақ кино қоржыны түрлі жанрдағы фильмдермен тола түсуде. Отандық кино-жұлдыздардың арасында әрі продюссер, әрі актер болып жүргендер кімдер? NUR.KZ порталы өз оқырмандары үшін арнайы шолу жасады.

жұлдыз

Нұртас Адамбай – «Келинка Сабина», «Келинка Сабина 2», «Тараз» фильмдерінің продюссері әрі басты рөлді сомдаған актер. Өнердегі жолын КВН ойнаудан бастаған талантты актер соңғы рет «Я – жених» фильмінде ойнады.

жұлдыз

Нұрлан Қоянбаев – соңғы уақыттары рейтингі жоғары болып саналатын комедия жанрындағы үш бірдей фильмнің продюссері. Нұрланның бүгінде «Бизнес по-казахски», «Бизнес по-казахски в Америке», «Каникулы в Тайланде» сияқты комедиялары бар.

жұлдыз

Әсел Сәдуақасова – алдымен актриса, содан соң продюссер ретінде өзін жақсы көрсетіп келе жатқан Әсел «Замуж в 30», «Келинка тоже человек», «Пять причин не влюбиться в казаха» және соңғы шыққан «Класстастар» фильмдерінің басты образдағы актрисасы әрі продюссері. Әселдің айтуынша бұл оның өз қалауы әрі режиссерларға қоятын басты талабы екен.

жұлдыз

Құралай Анарбекова – 2017 жылы рекодты көрсеткіш қол жеткізген атақты «Брат или брак» комедиясының продюссері мен басты рөлді сомдаушысы. Бұл Құралайдың продюссер ретінде алғашқы жұмысы болды, дегенмен кино өз көрерменін тапты.

жұлдыз

Баян Алагөзова – атышулы Баян соңғы туындысы «Сиситай» мюзиклында басты рөлде өзі ойнады. Айта кетейік, кино қазір барлық кинотеатрларда көрсетіліп жатыр.

жұлдыз

Азамат Сатыбалды – осыдан бірнеше жыл бұрын атышулы Айжан Байзақовамен бірге жеке өзі продюссерлік еткен «Бір сен үшін» фильмінде басты рөлді сомдады. Алайда Азамат осыдан кейін кино түсірмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721989-zi-produser-zi-akter-kino-leminde-zrgen-otandyk-zldyzdar-kimder/

pixel