RU
Әдемілік үшін бет-жүзін бүлдіріп алған әйгілі жұлдыздар туралы не білеміз?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Әдемілік үшін бет-жүзін бүлдіріп алған әйгілі жұлдыздар туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Шоу-бизнесте үздік болу үшін жұлдыздар барлығына барады. Мінсіз мүсін үшін сансыз түрлі оталар мен ботокс жасату - қалыпты жағдайға айналып кеткен. Алайда, мамандар ботокс барлығына бірдей қажетті өзгерістер әкелуіне кепілдік бере алмайтынын айтады. Олай болса, бет-әлпетін өзгертуде сәтсіздікке ұшыраған жұлдыздар тізімін bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Косметикалық процедураларға құмарлығының салдарынан көптеген жұлдыздар өздерінің бет-әлпет құрылымын бұзып алған. Ғылыми тұрғыда ботокс қартаюды тоқтатпайтыны анық. Алайда, ғалымдар дәлелдемесі жұлдыздарды мүлдем қызықтырмайтын көрінеді.

15. Лана Дель Рей

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Әнші қыз танымалдылыққа қол жеткізбей тұрғанда анағұрлым арық болған. Алайда уақыт өте келе салмақ жинай бастаған Ланаға бетінің толысуы ұнамады. Сол себептен ол бетін филлермен түзетуге жүгінді. Оның артынан қалмайтын фоторепортерлардың айтуынша, Лананың түрі әр кезде басқаша, мүлдем басқа адам іспеттес өзгереді.

14. Николь Кидман

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Танымал актрисаның да беті бірталай өзгеріске ұшыраған. Алайда ол ұзақ уақыт бойына ботокс қолданбаймын деп келді. Дегенмен 2013 жылы Николь шын мәнінде ботокс жасатып көргенін мойындады. Оның кесірінен енді өмірінде бұл пройедураға жүгінбейтінін кесіп айтты. Актрисаның бұл мәлімдемесіне көрермендер сенімсіздікпен қарайды.

13. Джейн Фонда

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Ботокс жасатып өкінгендер қатарына бұл жұлдыз да кіреді. Өзінің онссыз да келбетті бетіне аз мөлшерде ботокс жасатамын деп қатты өкініп қалғанын жасырмады. Алайда, қазіргі таңда оның бет-әлпеті ақырындап бұрынңы қалпына келе бастағандай.

12. Ума Турман

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Ума Турман Голливудтегі ең әдемі келбетті актрисалардың бірі болған. Алайда 45 жасында ботокс жасауды бастаған Уманың түрі қазір мүлдем өзгеше. Оның табынушылары сүйікті актрисалары өзінің табиғи сұлулуғынан айырылып қалды деген пікір білдіруде.

11. Кетрин Зета-Джонс

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Кетрин Зета-Джонс үнемі ботокс жасататындар тізімінен әрдайым табылады. Әлемдік сыншылардың пікірінше, ол ботокс процедурасын өте жиі жасайтын көрінеді. Дегенмен де актриса әлі күнге дейін бетіне ештене жасамағанын, ботоксқа жүгінбегенін айтып әлек. Бет-әлпетінің тамаша күйде сақталуы – үздіксіз жасалатын жаттығулар арқасы дейді ол.

10. Дэрил Ханна

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Бұл актрисаны қалың көпшілік арасында қас ботоксының ханшайымы атап кеткен. Оған нағыз себептер де баршылық. Аз ғана уақыт ішінде адам танымастай болып өзгерген бет-әлпеті ботокс жасалғандығына күмән тудырмайды.

9. Кортни Кокс

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

«Достар» телехикася арқылы танылған Кортни Кокс әрқашан өзінің сұлу келбетімен танымал болатын. Алайда, біраз уақытқа кино әлемінен жоғалып кетіп қайта оралған Кортниді табынушылары мүлдем танымай қалған. Олардың айтуынша, Кортни Кокс ботокс процедурасын тым асыра қолданған. Нәтижжесі де сәтсіз болды дейді олар.

8. Сьюзан Сомерс

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Бұрындары аса танымалдылыққа ие болған Сьюзан физикалық жаттығулармен әдемі беи-әлпетті сақтап қалу мүмкін емес деген тұжырымға келді. Соның нәтижесінде, ол бетіне ботокс жасатып, кәрілікпен барынша күресуге тырысқан. Алайда сәтсіз жасалған ботокс оның бетіне кері әсерін алып келсе керек.

7. Мег Райан

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Бет отасын 90-шы жылдары жасатқан жұлдыздардың бірден-бір өкілі Мег Райан. Ол өзінің бала кезгі бет-әлпетін қайтармақ мақсатында платикалық отаға жүгінген. Алайда, сәтсіз ота кесірінен табынушылары тұрмақ, әріптестері танымайтындай өзгеріп кетті. Бұл өзгеріс оның актрисалық мансабына кері әсерін тигізді.

6. Лиза Ринна

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Бетіне ғана емес ерніне де ботокс жасаттқан жұлдыздар жоқ емес. Олардың тізімінде Лиза Ринна бой көрсетеді. Алайда басқа әріптестеріне қарағанда ол, мұндай өзгерістерге жасанды жолмен жеткенін жасырмады. Тіпті қолданған косметикалық қоспалардың сапасыздығын дәлілдемек болды.

5. Мелани Гриффит

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Бұрындары хас сұлудың өзі болған Меланидің бүгінгі күнгі бет-әлпеті сансыз ботокс кесірінен қозғалыссыз қалды. Ол шарасыздықтан енді пластикалық хирургқа жиі барып тұруға мәжбүр болып қалды.

4. Мадонна

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Өзінің 60 жасында Мадоннаның бетінде бірде-бір әжім жоқ. Бұл барып тұрған ботокстың дәлелі. Алайда, қанша жерден ауқатты , қомақты қаражаты мол әншіге де сәтсіз ботокс жасалған. Соның салдарынан оның беті түбегейлі өзгеріске ұшырағын. Тіпті кейбір әріптестері Мадоннаға ботоктстың жақпағанын ашық айтып жүр.

3. Линдси Лохан

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Бұл актриса ботоксты тым ерте жасында бастаған. 2011 жылы болған бір мерекелік іс-шарада оның бетінің пішіні көтеріңкі бола бастағанын күллі әлем байқады. Алайда, оған қарамастан Линдси пластика мен ботоксқа мүлдем жоламағанын айтады.

2. Меган Фокс

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Соңғы кездері Меган Фокстің түрі күрделі өзгерістерге ұшыраған. Дегенмен актриса бет-әлпетінде тек мұрнының пішінін өзгерткенін ғана мойындады. Әлемдік пластикалық хирургтардың айтуынша, Меган бетіне һте көп ботокс жасатса керек.

1. Рене Зельвегер

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Өзінің сәтсіз отасын танымал актриса жасырмады. Дұрыс жасалмаған ботокс процедурасы Голливуд жұлдызын нағыз қорқынышты бейнеге айналдырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
2
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір