RU
Бас прокурор сарыағаштық баланың ісін тергеуді арнайы тапсырды
Жаңалықтар Қоғам

Бас прокурор сарыағаштық баланың ісін тергеуді арнайы тапсырды

Рассказать Вконтакте

Бас прокурор арнайы прокурорға Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды деген балаға қатысты істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз өндірісіне алуды тапсырды деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бас прокурор
"Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын сақтау және орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті шара қабылданып жатыр", — деп жазылған хабарламада.

Процестің барлық қатысушысының өтініш-хаттары негізінде кешенді сот-медициналық сараптамаға кәсіби мамандар жұмылдырылады.

Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауында болады.

"Істің фигуранты жас бала болғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құпия ұстауға қатысты құқықтарын сақтау қажеттігін ескертеміз", — деп толықтырды ведомство.

Біреудің жеке өмірі туралы мәліметтерді көпшілік алдында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы жария еткендер Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тергеу нәтижесі туралы ақпарат жасөспірімдердің құқығы мен заңды мүдделері ескеріле отырып, қоғам назарына тиісті көлемде ұсынылады.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір