RU
Көңілдесінің қорлығына шыдамаған ақтөбелік келіншек үйінен кетіп тынды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Көңілдесінің қорлығына шыдамаған ақтөбелік келіншек үйінен кетіп тынды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының Алға ауданында кішкентай балалары бар келіншекті бірге тұратын адамы үнемі соққыға жығып келген. Отбасында қорлық көрген ол үйден кетіп қалуға мәжбүр болыпты деп жазады Kerek-info-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбе

Өңірде қазір “Зорлық-зомбылықсыз үй” акциясы өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары іс-шара аясында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерді әшкерелеуде.

Акция кезінде Алға ауданында тұратын әйелді көңілдесі ұрып-соғатыны белгілі болды. Үнемі соққыға жығылатын ол үйінен кетуге мәжбүр болған. Ал бірге тұратын адамы кішкентай балаларды өзімен бірге алып қалған.

Қазір қорлық көрген әйел балаларымен бірге “Малика” дағдарыс орталығына орналастырылды. Бұл жерде оған әлеуметтік, құқықтық тұрғыда көмек көрсетіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
3
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір