RU
Мешіт жанында темекі шеккен қыздар көпшіліктің ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Мешіт жанында темекі шеккен қыздар көпшіліктің ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

Мешіт жанында темекіні бұрқыратып отырған бойжеткендер елдің ашуын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мешіт жанында темекі шеккен арулар елдің ашуын тудырды (видео). Фото: pinterest.com

Мешіт жанында темекі шеккен арулар елдің ашуын тудырды (видео). Фото: pinterest.com

Екі кештің арасында мешіт жанында темекі шегіп отырған аруларды ер адам видеоға түсіріп алған.

«Темекі шегіп отыр қарашы. Ұялмайды. Айттым, ұқпайды. Мешіт алдында тұрмын. Міне азан шақырылып жатыр. Ұят емес пе, темекі шеккен. Таста темекіні», - дейді видеоға түсіріп алушы.

Алайда бойжеткен «Сіздің шатағыңыз қанша?» - деп боқауыз сөздерді жаудыра жөнеледі.

Айта кетейік, видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Олардың бір тобы өзгенің айыбын ашып, видеоға түсірген ер адамды кінәлады. Ал екіншілері бойжеткендердің ісін сынға алды.

Олар «Мықты болсаң, камерамен жүгіргенше, жәй отырып түсіндірмедің бе?», «Өзгенің мінін ашқаннан не таптың?», «Басқа тірлігің жоқ па?», «Басқа жерде шегуге болады ғой», «Мұсылманның міндеті жамандықтан тыю» деп пікір білдірді.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Сіздің реакцияңыз
19
1
2
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel