RU
13 жасар қызын пышақтаған қостанайлық әйел сот алдына келеді
Жаңалықтар Қоғам

13 жасар қызын пышақтаған қостанайлық әйел сот алдына келеді

Рассказать Вконтакте

Қостанайда өз қызына пышақ салған 32 жастағы әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 106 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kstnews.kz

Фото: kstnews.kz

8 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында Қостанайда Узкоколейная көшесінде орналасқан пәтерде 32 жастағы әйел өз қызымен ұрысып, оған пышақ салған. Тергеу барысында әйелдің мас күйде болғаны анықталды.

13 жастағы қыз бала ауыр жарақаттарымен дереу ауруханаға жеткізілген. Оның кеудесі мен құрсақ қуысына үлкен зақым келіпті.

Айта кетейік, бұл оқиға көпшілік арасында үлкен резонанс тудырды. Оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іспен кәмелетке толмағандардың ісі бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сот айналысады.

Сіздің реакцияңыз
0
5
2
3
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel