RU
Көптен көрінбеген Әбдірахымовтың әйелімен түскен суреті пайда болды
Жаңалықтар Қоғам

Көптен көрінбеген Әбдірахымовтың әйелімен түскен суреті пайда болды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың әйелі Данарамен түскен суреті желіде тарап кетті. Сонымен қатар, суретте Балалар құқығын қорғау жөніндегі өкілі Зағипа Балиева да бар деп хабарлайды Today.kz сілтеме жасаған NUR.KZ

Көптен көрінбеген Әбдірахымовтың әйелімен түскен суреті пайда болды

Көптен көрінбеген Әбдірахымовтың әйелімен түскен суреті пайда болды
Source: UGC

Астанада өткен пресс-конференцияда журналистердің сұрағына жауап берген Балиева суреттің Шымкенттегі асыл тастар дүкенінің ашылуында түсірілгенін айтты.

«Сурет дүкеннің ашылуы болған күні түсірілген. Бұл - біздің серіктестеріміз «Асыл Бала». Олар жыл сайын даун ауруымен ауыратын балаларға көмек көрсететін «Шуақты әлем» ұйымына ақша бөледі.
Қазір Астанада даун ауруымен ауыратын отыз бала емделу үстінде. Егер білгілеріңіз келсе айтайын, маған сыйлық сыйлаған жоқ. Ал балаларға келетін болсақ, оларға қатысты барлық аукциондармен іс-шараларға қатысатын боламын», - деді Зағипа Балиева.

Сонымен қатар, ол балаларға аукциондар арқылы түсетін қаржының қайда жұмсалып жатқанын қалай тексеруге болатынын да айтып берді.

Сіздің реакцияңыз
13
5
3
8
7
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel