RU
Зағипа Балиева: Сарыағаштық балаға анасына қарағанда мен жақынмын
Жаңалықтар Қоғам

Зағипа Балиева: Сарыағаштық балаға анасына қарағанда мен жақынмын

Рассказать Вконтакте

Баспасөз мәслихаты барысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева ОҚО-да зорланған баланың анасы әлі елордаға келмегенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

"Бұл баланың анасына қояр сұрағым көп. Неге ол мұндай жағдайда баласына келмейді? Оның орнында болсам, бәрін тастап дереу баратын едім",- деп ашынған Зағипа Балиева баланың туған анасына қарағанда оған жақын жанашыр деп өзін санайды.

Оның айтуынша, баланың анасын бірнеше мәрте елордаға келуін өтінген. Тіпті жол ақысын төлеп беруге даяр болған көрінеді. Алайда, баланың анасы не себепті осыншама уақыт Астанаға бар алмай жатқаны түсініксіз.

"Баланың апасы мен тәтесі оның заңды өкілдері бола алады. Оған 2017 жылдың желтоқсанында алынған сенімхат дәлел болмақ",- деп қайырды Зағипа Балиева.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
2
1
7
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel