Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ашуға булыққан әйел күйеуіне пышақ сұғып алды

Опубликовано:

Ақтөбеде отбасылық жанжал кезінде жас келіншек күйеуіне пышақ сұғып алды. Оң жақ кеудесі жараланған күйеуі айыпталушыға кешірім берді деп хабарлайды Aktobenews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбеде ашуға булыққан әйел күйеуіне пышақ сұғып алды
Ақтөбеде ашуға булыққан әйел күйеуіне пышақ сұғып алды: UGC

21 жастағы келіншек қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпталған.

Іс материалына сүйенсек, бұрын сотталмаған, орта білімді келіншек күйеуімен ұрысып қалыпты. Ерлі-зайыпты арасындағы дау-жанжал кезінде ұйықтап жатқан бала жылап, әйел оны жұбатуға ұмтылады.

Сол кезде күйеуі оны тоқтатып, жібермей қойған. Ашуға булыққан айыпталушы ас бөлмесінде үстел үстінде жатқан пышақты алып, күйеуінің сол жақ кеудесіне сұғып алады. Күйеуінің жараланғанын көрген кезде кешірім сұрап, жедел жәрдем де шақырған.

Айта кетейік, жәбірленуші әйеліне кешірім беріп, ешқандай талап қоймайтынын, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

№2 қалалық сотының судьясы Д.Гильманова 21 жастағы әйелді айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Ол пробациялық бақылауда болады.

Тұрғылықты жерін ескертусіз ауыстыра алмайды. Сонымен қатар, ойын-сауық орындарына бармайды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1722020-aktbede-asuga-bulykkan-jel-kjeuine-pysak-sgyp-aldy/

pixel